preloader

Жаңалықтар

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің ұстазы халықаралық семинарға қатысты

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің ұстазы халықаралық семинарға қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігі, «Талаба» қауымдастығы мен «Халықаралық зағиптарға арналған Құран кызметі қауымдастығы» бірлесіп Ыстамбұл қаласында «Көру қабілеті шектеулі жандарға арналған діни қызметтерді дамытуда қоғамдық ұйымдардың ынтымақтастығы мен рөлі» тақырыбында екі күндік семинар өткізді.

Көру қабілеті төмен жандарға арналған оңалту орталығында өткен семинарға Бас мүфти тапсырмасымен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев, «MUFTIYAT» баспасының директоры Мұрат Манапұлы, «Уақып» қорының директоры Ардақ Оразбай, сондай-ақ, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай, Түркия Білім министрлігінің, Отбасы және әлеуметтік мәселелер министрлігі, Ыстамбұл қаласының әкімшілік өкілдері, қазақстандық имамдар мен осы елде білім алып жатқан докторанттар қатысты.

Елімізден барған делегация құрамында Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы, арнайы маман Айнұр Хұмарбекқызы да болғанын айта кеткеніміз жөн. 

Осыдан бірнеше ай бұрын «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде зағип жандарға арналған «Брайл дәрістерін» оқыту курстары басталған болатын.

Оқыңыз: «Брайль дәрістерін» оқыту курсы басталды