preloader

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» АТТЫ РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТОЙ – ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ» АТТЫ РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінде «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыбында рухани-танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Тұрсын Марат Файзуллаұлы, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ильяс Сейітбекұлы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Төлеужан Нүсіпжанұлы қатысты. Сондай-ақ Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Бүркітбайұлы, қалалық «Аналар» кеңесінің төрайымы Дәметкен Таласбекқызы, ақын Берік Шәріпұлы және асабалар қатысып, той мәдениетін жетілдіру жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Кездесуге модераторлық еткен Мадияр қажы Тағайбайұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүргізіліп жатқан той мәдениетін қалыптастыру жұмыстарына тоқталды. Ол тойларда кездесетін ысырапшылдық, орынсыз бәсекелестік, әдепке қайшы ойын-сауықтар мен қарызға батып той жасау мәселелерін көтерді «Той тек көңіл көтеретін жиын емес, ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін маңызды сәттің бірі», – деген бас имам қуанышты жиындарды ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарға сай, ысырапсыз әрі тағылымды өткізуге шақырды.

Жиын барысында қатысушылар той мәдениетін жетілдіру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту және отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде пікір алмасты.