АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «QURBAN-2026» ЖОБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЕРІКТІЛЕРІ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігі бойынша онлайн «QURBAN-2026» жобасын жүзеге асыруға және қасиетті Құрбан айт мерекесі күндеріндегі қайырымдылық шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан қызметкерлер мен еріктілер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Марапаттарды Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы табыстап, мереке күндері жауапты қызмет атқарған азаматтарға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол Құрбан айт күндерінде халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қайырымдылық шараларының жүйелі жүзеге асуына үлес қосқан барша қызметкерлер мен еріктілердің еңбегіне жоғары баға берді.
Бас мүфтидің Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында онлайн құрбан жобасының жауапты мамандары, техникалық қызметкерлер, ақпарат бөлімінің өкілдері, бейнеоператорлар, мобилографтар, қасапшылар, кезекші имамдар және еріктілер бар.
Атап айтқанда:
- Мейрамбек Ақылбекұлы Абдрахманов;
- Ақжол Нұрбосынұлы Әбдіқадыр;
- Иса Серғазыұлы Тұрысбек;
- Айнұр Ерденқызы Жақсылық;
- Ерлік Берікболұлы;
- Бекарыс Меңдібайұлы Бөкеш;
- Олжас Сейтұлы Сүлеймен;
- Жанабек Амантайұлы Кулманов;
- Айдар Каримұлы Сапарбаев;
- Нұрсұлтан Нұрдәулетұлы Жүнісәлі;
- Абдунасир Тайырұлы Нираков;
- Ходжанапес Сейтекұлы Ходжанапесов;
- Айдос Жанатұлы Қозыбаев;
- Ерсұлтан Талғатұлы Тоқтарғазы;
- Шәділ Махаббат Ғаниқызы;
- Ақмарал Мұратқызы Дихамбаева;
- Еркебұлан Нұрланұлы Өгізбай;
- Мұхаммеджан Ғалымжанұлы Шөмен.
Іс-шара соңында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы марапат иелеріне алдағы қызметтеріне табыс тілеп, қоғам игілігі жолындағы еңбектеріне Алла Тағаланың берекесін беруін тіледі.


