Алматы облысының бас имамы дін қызметкерлеріне «Концептуалды құжаттар» бойынша семинар өткізді
«Ислам және адал қоғам жылы» аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Қарасай ауданы бойынша дін қызметкерлеріне арналған «Концептуалды құжаттар» тақырыбында түсіндіру семинарын өткізді. Іс-шараға аудан мешіттерінің имамдары мен діни сала мамандары қатысты.
Семинар барысында бас имам еліміздегі діни қызметті жүйелеуге бағытталған негізгі құжаттардың мазмұнына кеңінен тоқталып, олардың қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің жауапкершілігі, халықпен жұмыс жүргізудегі ұстанымдар және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты. Бас имам дін қызметкерлерін бірізділік пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстануға шақырып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңызын атап өтті.
Семинар қорытындысында қатысушылар өз қызметтерінде концептуалды құжаттарды басшылыққа ала отырып, қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін білдірді.


