Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Алатау қаласында жұма уағызын жүргізді.
Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Алатау қаласына жұмыс сапары аясында келіп, қалалық «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінде жұма намазында уағыз айтты.
Уағыз барысында бас имам жамағатқа «Жан рахаты Алланы еске алудан тұрады» тақырыбында насихат жүргізіп, адам өміріндегі рухани тыныштық пен жүрек тыныштығының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Алла Тағаланы еске алу, құлшылықтың мәні, имандылық пен ізгі амалдардың қоғамдағы орны жөнінде кеңінен сөз қозғады.
Кездесу барысында қасиетті Құран аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадистерінен мысалдар келтіріліп, жамағатты бірлікке, татулыққа және рухани құндылықтарды берік ұстануға шақырды.
Жұма уағызына қатысқан жамағат рухани тағылымға толы насихатты ықыласпен тыңдап, өздерін толғандырған мәселелер бойынша пайдалы мағлұмат алды.
Іс-шара соңында еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін дұға жасалды.


