preloader

Жаңалықтар

Алматы облысының бас имамы «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» спорт кешенінің ашылуына қатысты

Алматы облысының бас имамы «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» спорт кешенінің ашылуына қатысты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы «Тәуелсіздіктің 35 жылдығы» атты жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Игі шараға жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, спорт саласының мамандары және аудан тұрғындары жиналды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген бас имам ел тәуелсіздігінің маңыздылығына тоқталып, ұлт саулығы мен жас ұрпақтың жан-жақты дамуына бағытталған мұндай нысандардың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, спорт пен руханияттың үндестігі қоғам дамуының басты кепілі екенін жеткізді.

Шара барысында кешеннің лентасы қиылып, қатысушылар жаңа нысанның материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған спорт кешені тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына, жас спортшылардың шыңдалуына кең мүмкіндік береді.

Ел игілігі үшін пайдалануға берілген бұл нысан – тәуелсіздіктің мерейтойына тарту ретінде халықтың игілігіне қызмет етпек.