preloader

Жаңалықтар

Бабалар рухына және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 50 Құран хатым бағышталды

Бабалар рухына және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 50 Құран хатым бағышталды

Бүгін бабалар рухына және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің рухына арнап 50 Құран хатым оқылып, дұға жасалды. Рухани шара барысында қасиетті Құран аяттарының сауабы өткендерімізге бағышталып, ел мен жер үшін жанын қиған ерлердің рухына тағзым етілді.

Аталған іс-шараға Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ақылбекұлы қатысты.

Сондай-ақ Алматы облысы, Қонаев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оралбаев Базарбай Бүркітбайұлы бастаған ақсақалдар қатысып, ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты ақ баталарын берді.

Сонымен қатар Құран жарысына қатысушы қариларға арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.