Балаларды қорғау күніне орай шәкірттерге Құран кітаптары сыйға тартылды
Балаларды қорғау күніне орай Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Еркін ауылында “Құран” секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында тәлім алып жүрген 24 шәкіртке қасиетті Құран кітаптары сыйға тартылды. Бұл бастама жас буынның діни сауатын арттырып, Құранға деген сүйіспеншілігін күшейтуге бағытталды.
Шара барысында ұйымдастырушылар шәкірттерге ізгі тілектерін білдіріп, білім жолында табандылық танытып, елдің иманды әрі өнегелі азаматтары болып қалыптасуына дұға жасады.
Осындай сауапты іске қолдау көрсетіп, жаңа Құран кітаптарының сыйға тартылуына демеушілік жасаған жомарт жандарға ерекше алғыс білдіреміз. Алла Тағала жасаған қайырымдылықтарыңызды қабыл етіп, отбастарыңызға береке, ұрпақтарыңызға имандылық пен салиқалылық нәсіп етсін!


