preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданында «Qamqor-Sharapat» орталығының семинары өтті

Балқаш ауданында «Qamqor-Sharapat» орталығының семинары өтті

Алматы облысы Балқаш ауданына қарасты Бура ауылында имамдарға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан мешіттерінен 14 имам қатысты.

Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының жұмысы таныстырылып, жаназа және жерлеу рәсімдерін шариғат талаптарына сай атқару мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Жиынды “Qamqor-Sharapat” орталығының Алматы облысы бойынша директоры Жанабек Амантаевич Кулманов жүргізіп, орталықтың негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, жаназа рәсімдерін шариғатқа сай ұйымдастыру, мәйітті мұздатқышта сақтау, мәйіт жуу, кебіндеу, жаназа шығару, мәйітті арнайы автокөлікпен тасымалдау, сондай-ақ қабір қазу және жерлеу қызметтері жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Алматы облысы Балқаш ауданының бас имамы Нурдаулет Токанович Турежанов сөз сөйлеп, имамдардың қоғамдағы жауапкершілігі мен бірлігінің маңызын атап өтті. Ол діни рәсімдерді бірізділікпен атқару және халыққа дұрыс діни түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселесіне ерекше тоқталды.