preloader

Жаңалықтар

«Брайль дәрістерін» оқыту курсының түлектеріне сертификат табыс етілді

«Брайль дәрістерін» оқыту курсының түлектеріне сертификат табыс етілді

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген «Діни білім және ғылым» бағыты бойынша жылдық жоспарға сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде зағип жандарға арналған 2 айлық «Брайль дәрістерін» оқыту курсы өз жұмысын аяқтады.

Шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы өңіріміздің 6 әйел ұстазына аталмыш курсты толығымен аяқтағаны туралы сертификаттарды табыс етіп, алдағы уақытта Құран үйренуге ықыласты зағиб жандармен етене жұмыс жасауды тапсырды.

Оқыңыз: «Брайль дәрістерін» оқыту курсы басталды