«Имандылық әліппесі» кітабы бойынша жазғы діни сауат ашу курстары басталды
Алматы облысы өкілдігіне қарасты Талғар ауданы мешіттерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курстары өз жұмысын бастады.
Жазғы курс барысында шәкірттерге негізгі оқу құралы ретінде ҚМДБ cараптау комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасы дінтану сараптамасының оң қорытындысын алған «Имандылық әліппесі» кітабы оқытылуда. Қазіргі таңда тәлім алушылар аталған кітаптың алғашқы сабақтарын меңгеріп, иман негіздері мен ислам әдебі туралы дәрістерге қатысуда.
Бағдарлама аясында балаларға иман шарттары, исламның негізгі құндылықтары, ата-анаға құрмет, көркем мінез-құлық, әдеп мәдениеті және отансүйгіштік тақырыптары кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар шәкірттер қазақтың ақын-жазушыларының тәрбиелік мәні зор өлеңдерін оқып, жаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды сабақтарға қатысатын болады.
Жазғы діни сауат ашу курстарының басты мақсаты – жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, олардың рухани дүниесін байыту, діни білімін арттыру және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Курс соңында сабақтарға тұрақты қатысып, оқу бағдарламасын толық меңгерген шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталады. Сондай-ақ оқу барысында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен тәлімгерлерге сыйлықтар беріледі.


