Кеген ауданында орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесу өтті
Кеген аудандық орман шаруашылығы қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Алматы облыстық Қапшағай орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы «Адал еңбек еткеннің – Алла жолында жүргені» тақырыбында тағылымды насихат айтып, еңбекқорлықтың исламдағы орны мен маңызына тоқталды.
Сондай-ақ жиын барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу, адал ризық табу, жауапкершілік пен кәсіби міндетті абыроймен атқарудың маңыздылығы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Кездесу соңында орман шаруашылығы қызметкерлері ұйымдастырылған тағылымды шара үшін алғыстарын білдіріп, рухани кездесудің өздеріне ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.


