Өткенге құрмет – тіріге міндет
Қонаев қаласында игі іс ұйымдастырылып, мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе отырып қала зиратын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл сауапты шара – өткенге тағзым жасап, марқұмдарға құрмет көрсетудің айқын көрінісі.
Зират аумағы күл-қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Осындай игі бастамалар қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, бірлік пен жанашырлықты нығайтады.
Алла Тағала жасалған игі амалдарды қабыл етіп, баршамызға сауаптан жазсын!


