Қапшағай орталық мешітінде «Уақып етудің шексіз сауабы» тақырыбында жұма уағызы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Бауыржан Әбдуәлі Алматы облысы Қапшағай орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызы барысында «Мүлікті игі іске берудің (уақып етудің) шексіз сауабы» тақырыбы кеңінен насихатталды. Уағызда уақыптың Исламдағы орны, қоғамға пайдасы, сауапты амалдардың жалғастығы және игі істің адам өміріндегі рухани маңызы жайында айтылды.
Сонымен қатар жамағатқа қайырымдылық жасау, ел игілігіне қызмет ету және сауапты істерге үлес қосудың артықшылықтары түсіндіріліп, уақыптың мұсылман қоғамындағы берекелі амалдардың бірі екені баяндалды.
Жамағат уағыздан рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды


