preloader

Жаңалықтар

Қарасай ауданында «Жастар және қоғам» және «Ажырасудың алдын алу» тақырыбында тағылымды семинар өтті

Қарасай ауданында «Жастар және қоғам» және «Ажырасудың алдын алу» тақырыбында тағылымды семинар өтті

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Қарасай ауданындағы Үшкемпірұлы Жақсылық мешітінде «Жастар және қоғам» және «Ажырасудың алдын алу» атты екі бірдей тағылымды семинар ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді ислам құндылықтарымен байланыстыра отырып түсіндіру, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу және отбасы институтының маңызын насихаттау болды.

Семинар барысында қазіргі жастардың қоғамдағы орны, имандылық тәрбиесі, әлеуметтік желінің ықпалы, ата-анаға құрмет, жауапкершілік пен білімнің маңызы жайлы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар ажырасудың себептері, оның отбасы мен бала тәрбиесіне тигізетін әсері, ерлі-зайыптылар арасындағы сабыр, сыйластық пен өзара түсіністіктің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Тағылымды кездесуді Қарасай ауданының әйел-қыздар сектор жетекшісі, Халифа Қажы Алтай мешітінің ұстазы Назерке Таласқызы және Үшкемпірұлы Жақсылық мешітінің ұстазы Махамбет Мариям ұстаз жүргізді. Ұстаздар қатысушылармен еркін пікір алмасып, өмірлік маңызы бар тақырыптар төңірегінде насихат айтты.

Рухани шараға 50-ге жуық жамағат қатысып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды. Қатысушылар семинардың мазмұнды әрі әсерлі өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.