preloader

Жаңалықтар

ҚАРАСАЙДА «УАҚЫП – САУАБЫ САРҚЫЛМАЙТЫН САДАҚА» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚАРАСАЙДА «УАҚЫП – САУАБЫ САРҚЫЛМАЙТЫН САДАҚА» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы Қарасай ауданында дін қызметкерлерінің уақып саласы бойынша білімін арттыру, уақыптың шариғаттағы орны мен маңызын түсіндіру мақсатында «Уақып – сауабы сарқылмайтын садақа» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қарасай ауданының бас имамы Қуаныш Жұмаханұлы және «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша жауапты маманы Нұртай Абдрахманұлы Иманберлинов қатысты. Жиынға ауданның дін қызметкерлері де қатысып, уақып бағытындағы жұмыстардың маңызымен танысты.
Іс-шара барысында уақыптың ислам дініндегі орны, оның қоғам игілігіне тигізер пайдасы және қайырымдылықты жүйелі түрде дамыту жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар мешіттердің материалдық жағдайын нығайту, уақып мүлкін тиімді пайдалану және халық арасында уақып мәдениетін кеңінен насихаттау мәселелеріне назар аударылды.
Семинар қорытындысында дін қызметкерлеріне уақып жұмысының маңызын жамағатқа түсіндіру, қайырымдылық бастамаларын жандандыру және осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігі айтылды.