ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА 50 ДАНА ҚҰРАН КІТАБЫ УАҚЫП ЕТІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уақып» қоры аясында Алматы облысы Ұйғыр ауданында қайырымдылық бағытындағы игі бастама жүзеге асты. Атап айтқанда, аудандық мешіт пен Ақтам ауылдық мешітіне жалпы саны 50 дана Құран Кәрім кітабы уақып етілді. Қасиетті кітаптарды ауданның бас имамы Әшірбаев Алмат Әбдімүтәліпұлы мешіт өкілдеріне табыстап, осы қайырлы іске атсалысқан жомарт жандарға алғысын білдірді. Игі бастама мешіттердегі Құран оқу мәдениетін дамытуға және жамағаттың рухани білімін арттыруға бағытталған.
Алла Тағала уақып жасаған азаматтардың қайырлы амалдарын қабыл етіп, сауабын еселеп жазғай!


