preloader

Жаңалықтар

Қажылыққа дайындық дәрістері өтті

Қажылыққа дайындық дәрістері өтті

Алматы облысы Қапшағай орталық мешітінде ҚМДБ бекіткен «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы аясында қажылыққа дайындық дәрістері ұйымдастырылды.
Рухани кездесудің мақсаты – қасиетті қажылық сапарына ниет еткен жамағатқа сапар әдебі мен парыздың рухани мән-маңызын түсіндіру, сондай-ақ қажылыққа жан-жақты дайындық жүргізу.
Дәрісті Қапшағай орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов жүргізіп, қажылық сапары барысында сақталуы тиіс әдептер, мұсылманның көркем мінезі, сабыр мен жауапкершілік жайында насихат айтты. Сонымен қатар Алматы облысы бойынша қажылыққа жауапты маман Дәуребек Жандосұлы қатысушыларға қажылыққа қатысты ұйымдастыру мәселелері, сапар тәртібі және дайындық барысы жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, қасиетті сапардың рухани ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шараға мешіт жамағаты қатысып, пайдалы діни мәліметтер мен рухани тағылым алды.