Құрбан айт мерекесінде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Алматы облысы Қапшағай орталық мешітінде балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі ойындар ойнатылып, тәттілер таратылды. Жалпы саны 125 балаға арнайы сыйлықтар мен тәтті-дәмдер үлестірілді.
Іс-шараны мешіт ұстазы Хумарбек Айнұр ұйымдастырып, оған мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қолдау көрсетті. Мерекелік кеш барысында балаларға Құрбан айттың рухани маңызы түсіндіріліп, ізгілік пен мейірім құндылықтары насихатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралардың негізгі мақсаты – балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеріп, олардың бойына адамгершілік пен бауырмалдық қасиеттерін сіңіру.


