preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында «Адал еңбек – Алла разылығының жолы» атты рухани кездесу өтті

Райымбек ауданында «Адал еңбек – Алла разылығының жолы» атты рухани кездесу өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысы өкілдігіне қарасты Райымбек ауданында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Сүмбе ауылындағы орталық мәдениет үйінде «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында рухани-танымдық кездесу өтті. Шараға дәрігер, мұғалім, электрик, ветеринар дәрігер, кәсіпкер, байланыс саласының мамандары сынды әртүрлі сала қызметкерлері қатысты. Аталған кездесуді аудан имамы Азамат Бексұлтанұлы Бухарбеков пен ауыл имамы Сәрсембиев Қуат ұйымдастырды. Жиынға ауыл әкімі Саламатов Азамат Серікұлы және барлық сала мамандары қатысты.

Іс-шара барысында аудан имамы Азамат Бексұлтанұлы шариғаттағы адал еңбектің орны, оның қадірі мен жауапкершілігі және сауапты амал ретіндегі маңызы жөнінде кеңінен насихат айтып, ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген барлық сала мамандарына алғысын білдірді.

Сонымен қатар ауыл имамы Сәрсембиев Қуат кездесуге қатысушыларға ризашылығын жеткізіп, рухани басқосудың маңыздылығын атап өтті.

Ауыл әкімі Саламатов Азамат Серікұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел мен қоғам игілігі жолында атқарып жатқан діни-ағартушылық жұмыстарына ризашылығын білдірді.

Шара соңында аудан имамы дәстүрге сай бата беріп, рухани жиынды қорытындылады.