preloader

Жаңалықтар

Райымбек ауданында ауыл имамдарына арналған «Пәтуа сағаты» өткізілді

Райымбек ауданында ауыл имамдарына арналған «Пәтуа сағаты» өткізілді

ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясында 2026 жылдың 19 мамыр күні Райымбек аудандық «Әбдіғали Жетенұлы» мешітінде ауыл имамдарына арналған «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды.

Іс-шара ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы Бухарбеков және пәтуа бағытына жауапты маман Біләл Мейірланның ұйымдастыруымен өтті.

Кездесу барысында ауыл имамдарына жамағат арасында діни сауаттылықты арттыру, қоғамда жиі кездесетін мәселелерге шариғат тұрғысынан дұрыс жауап беру және пәтуа мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әр жұма сайын мешіттерде 5–10 минут көлемінде «Пәтуа сағатын» тұрақты түрде өткізіп отыру тапсырылды.

Семинар барысында ҚМДБ тарапынан жарық көрген бес томдық «Пәтуа жинағы» кітабындағы түрлі діни мәселелерге қатысты пәтуаларды мешіт жамағаттарына таныстырып, насихат жұмыстарында кеңінен пайдалану қажеттігі айтылды.

Жиын соңында ауыл имамдары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тағылымды кездесулердің маңыздылығын атап өтті.