preloader

Жаңалықтар

Талғар ауданында Құрбан айтқа дайындық аясында «Пәтуа сағаттары» өткізілді

Талғар ауданында Құрбан айтқа дайындық аясында «Пәтуа сағаттары» өткізілді

Алматы облысы өкілдігіне қарасты Талғар ауданында Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында мешіттерде арнайы «Пәтуа сағаттары» ұйымдастырылды. Аталған кездесулердің негізгі мақсаты — құрбан шалу рәсімдерін шариғат талаптарына сай орындау тәртібін жамағатқа кеңінен түсіндіру болды.

Талғар ауданына қарасты жамағат көп жиналатын мешіттерде дін қызметкерлері Құрбан айттың рухани мәні, құрбан шалудың үкімі мен әдебі, құрбандыққа қойылатын талаптар және оны орындаудағы жауапкершілік жөнінде насихат айтты. Сонымен қатар, құрбан шалу барысында ысырапқа жол бермеу, тазалық сақтау және мұқтаж жандарға үлес тарату секілді ізгі амалдардың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға мешіт имамдары мен дін қызметкерлері шариғат аясында тұшымды жауаптар берді.

Мұндай тағылымды басқосулар халықтың діни сауатын арттырып, Құрбан айт рәсімдерін дұрыс әрі сауатты атқаруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.