«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті
Алматы облысы, Қонаев қаласындағы орталық «Қапшағай» мешітінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шара барысында мешіт аумағында жас көшеттер отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Табиғатты аялауға үндейтін бұл бастама қоршаған ортаны көркейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты.
Шараға дін қызметкерлері мен еріктілер белсене атсалысып, ортақ іске бір кісідей жұмыла кірісті. Қатысушылар мұндай игі бастамалардың қоғамда тазалық пен жауапкершілік мәдениетін арттырудағы маңызы зор екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Таза Қазақстан» акциясын қолдай отырып, еліміздің әр өңірінде ағаш отырғызу және тазалық жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.



