preloader

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі Тұйық ауылында «Жетімге қараудың сауабы» тақырыбында уағыз айтылды

РАНТ мүшесі Тұйық ауылында «Жетімге қараудың сауабы» тақырыбында уағыз айтылды

Кеген ауданына қарасты Тұйық ауылындағы «Өтей ата» мешітінде жұма намазы барысында Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Қарасай аудандық «Түркістан-1» мешітінің бас имамы Дәуренбек Жандосұлы жамағатқа уағыз айтты.

Уағыз барысында «Жетімге қараудың сауабы» тақырыбы кеңінен тарқатылып, жетім балаларға қамқорлық жасаудың исламдағы орны, оларға жанашырлық танытудың сауаптылығы және қоғам алдындағы жауапкершілігі жөнінде насихат жүргізілді. Сондай-ақ мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қайырымдылық жасау және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелері сөз болды.

Жұма намазынан кейін жамағатпен арнайы кездесу өтіп, қатысушылардың көкейінде жүрген діни сауалдарға жауап берілді. Кездесу барысында дін саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындарға пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Жамағат тағылымды уағыз бен мазмұнды кездесуге ризашылықтарын білдіріп, рухани әсер алғандарын жеткізді.