ЖАНТ мүшелері Кеген ауданында жұма уағызын жүргізді
ЖАНТ мүшелері Кеген ауданында жұма уағызын жүргізді
Қасиетті жұма күні жұма намазынан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) мүшелері Кеген ауданындағы мешіттерде жамағатпен кездесіп, діни-ағартушылық насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында «Жетімге қараудың сауабы» тақырыбында насихат айтылып, жетім-жесірге қамқорлық жасаудың исламдағы орны мен маңызы кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда, Кеген аудандық «Әулие Абыз Әлмерек баба» мешітінде Алматы облыстық «Қапшағай» орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, Шырғанақ ауылындағы «Мырзакелді ата» мешітінде Талғат Сүлейманов, Бөлексаз ауылындағы «Әлімбек ата» мешітінде Азамат Дәулетұлы, Жалаулы ауылындағы «Қалыбек батыр» мешітінде Алмат Әшірбаев, Ақтасты ауылындағы «Біләл Нұрғожаұлы» мешітінде Қуаныш Жұмаханұлы, Қарқара ауылындағы «Әкебай ата» мешітінде Шоқан Құдайбергенұлы жамағатқа насихат айтты.
Сонымен қатар, кездесулерде қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайту, татулық пен өзара сыйластық құндылықтарын дәріптеу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, діни мәселелер бойынша пайдалы мәліметтер ұсынылды.


