preloader

Жаңалықтар

“ЖАҚСЫЛЫҚ” ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

“ЖАҚСЫЛЫҚ” ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Алматы облысы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылындағы “Үшкемпірұлы Жақсылық” мешітінде құрылған “Жақсылық” ерікті жастар тобы балалар үйіне барып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Іс-шара барысында Алматы облыстық Қапшағай мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы балаларды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Шара аясында жүзге жуық балаға Құрбан айт сыйлықтары табысталып, насихат айтылып, ақ баталар берілді. Сонымен қатар, балалардың көңілін көтеру мақсатында домбыра тартылып, ерекше рухани кеш ұйымдастырылды.

Сондай-ақ балалар үйінің өнерлі жеткіншектері өз өнерлерін көрсетіп, арнайы сый-сияпатқа ие болды.